СҚО полицейлері ауылдық округтің әкімі хабарлаған ұрлықты ашты

СҚО полицейлері ауылдық округтің әкімі хабарлаған ұрлықты ашты

СҚО Есіл ауданында ауылдық округтің әкімі қараусыз қалған дүкен ғимаратында жасалған ұрлықты анықтаған. Ғимарат әкімдіктің баласына тіркелген, сондықтан мемлекеттік қызметші оның жағдайын үнемі тексеріп отырады. Арыз бойынша, сәуір айының басынан белгісіз адамдар трубалардан дәнекерленіп жасалған 2 жылыту батарея-регистрін ұрлаған. Келтірілген шығын шамамен 250 мың теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдер күдіктінің 25 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады. Сондай-ақ ауылдың кәмелетке толмаған екі тұрғынының қатысы бары тексерілуде.

«Ұрланған мүлікті іздеуге шаралар қабылдануда, — деп толықтыра кетті аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбеков. — Күдіктінің айтуынша, ол батареяларды Петропавл қ. метал қабылдау орнына 27 мың теңгеге өткізген. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге ұрлыққа жол бермеу туралы ұйғарым, бейнебақылауды орнатудың, адамдар күзетін күшейтудің тиімділігі туралы түсінік беріледі. Жыл басынан ауданда 13 ұрлық тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 23 қарсы. Бүгінгі таңда оның 12-сі ашылды».