
Жылдың жылы мезгілінде жолда балалар көп жүреді. Велосипед пен скутер мінгендер қозғалыстың белсенді қатысушысы болады. Жүргізушілерден аса қырағылық пен ЖЖЕ мүлтіксіз сақтау талап етіледі. СҚО жолдарында апатты азайту – «Қауіпсіз жол» кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты. Нарядтардың саны арттырылып, ауылдық жерлерде ЖПІШ-ға учаскелік полиция инспекторлары белсенді қатысты.
Тимирязев ауданында полицейлер 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы УАЗ көлігін тоқтатқан, одан алкогольдің иісі шығып тұрған. Тексеріс барысында оның көлік құралын басқару құқығы жоғы белгілі болды. Көлік иесі 38 жастағы жолаушы болып шықты. Медициналық куәландыру ер адамның екеуі де масаң күйде екендігін көрсетті. Екеуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік материал жиналды.
«Барлығы ЖПІШ өткен 11 күнінде масаң күйде рөльге отырған 58 жүргізуші тоқтатылды, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Бұдан бөлек, 106 жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген, 110-ны бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен, 125-і маневрлеу қағидасын бұзған. Осындай өрескел бұзушылықтар апаттылық қаупін артыра түседі, мұндай жағдайға жол берген жүргізушілерге қатысты заңнамада жазылған барлық ықпал ету шаралары қолданылатын болады».
ЖПІШ 17 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Бұл уақытта патрульдік полиция күшейтілген режимде өызмет атқаратын болады.