ІІМ басшысы петропавлдық полицияның кавалериялық бөлінісінің жұмысымен танысты

ІІМ басшысы петропавлдық полицияның кавалериялық бөлінісінің жұмысымен танысты

Кавалериялық бөліністің жұмысы жайлы СҚО полицейлері Ішкі істер министрінің басшысына баяндады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапары кезінде Петропавл қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының кавалериялық взводында болды.

Бұл бөлініс елімізде алғашқы болып ашылған бөлістің бірі. Бүгінде мұнда 13 жылқы бар.

Өңір тұрғындары атты полиция жұмысының тиімділігін жақсы біледі, себебі олар іс жүзінде өздерін көрсетіп келеді.

Кавалерияның артықшылығы – оның ұтқырлығында, көлік өте алмайтын жерлерден өту мүмкіндігінде. Бұл атты полицейлерге қаланың негізгі инфрақұрылымынан алшақ орналасқан жерлерде полиция күшінің шығыл ықпал етуін қамтамасыз етеді. Негізінен, әр түрлі құқық бұзушылықтар, соның ішінде аса ауыр қылмыстар жасалатын қаланың шетінде орналасқан орман алқаптары, демалыс аймақтары мен су қоймалары.

Атты полиция саяжай алқабына да жауапты. Сәуір айынан бастап саяжайшылар өздерінің учаскелерін өңдей бастайтын уақыттан бастап, маусым аяқталғанға, яғни қазан айына дейін патрульдеу жүргізіледі. Былтырғы жылдың өзінде полицейлер саяжай қауымдастығындағы төрт ұрлықтың алдын алды, масаң күйде саяжайшылардың мазасын алған 36 адамды автопатрульге тапсырды.

Кавалерия бөлімшесі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, «Арман» Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетеді. Аптасына екі рет тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар иппотерапия сабақтарына келеді. Мамандардың бақылауымен олар атқа мінеді, бұл балалардың тез бейімделуіне ғана емес, олардың денсаулығын жақсартуға да ықпал етеді.