Криминалистердің жұмысы батыл жасалған ұрлықта күдіктіні анықтауға көмектесті

Криминалистердің жұмысы батыл жасалған ұрлықта күдіктіні анықтауға көмектесті

Петропавл полициясына пәтер бюроларының бірінің менеджері «iPhone 4» және 52 мың теңге ақшасының ұрланғандығын айтып жүгінді. Шығын сомасы 78 мың теңгені құрады. Белгісіз қылмыскер менеджердің жұмыс орнын уақытша тастап кеткен кезін пайдаланған. Бейнекамераға үстел үстін қопарып, көзінің телефон мен ақшаға түскен күдіктінің іс-әрекеті жазылып қалған. Олжасын алып, ізін суытқан. Әйел бейнежазба бойынша да, саусақ іздері бойынша да анықталды. Криминалистер жасаған дактилоскопиялық зерттеулер күдіктіні, 38 жасар Петропавл қаласының тұрғынын анықтауға мүмкіндік берді. Апиын нашақоры ретінде Облыстық наркологиялық орталықта және ішкі істер органдарында есепте тұруына байланысты әйел 2015 жылы дактокартаға енгізілген. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады, оның тұрғылықты жері бойынша «iPhone 4» алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Криминалистикалық зерттеулер дәлелдемелер базасын жинақтау жұмысының маңызды бөлігі, - дейді СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі Игорь Семёнов. – Жыл басынан криминалистикалық бөліністер қызметкерлері қылмыс орындарын тексерудің 779-на қатысты. 1115 криминалистикалық зерттеу жасалды, оның 76-сы қылмыскерлерді анықтауға және қылмысты ашуға септігін тигізді.