Петропавл полицейлері «ГАЗель» көлігін айдап әкетуді ашты

Петропавл полицейлері «ГАЗель» көлігін айдап әкетуді ашты

Ақылы тұрақтардың біріне қойып кеткен «ГАЗель» автокөлігінде механикалық ақауды байқаған қалалық Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне жүгінеді. Жедел уәкілдер мамырдың 23-не қараған түні көлікті бөтен адамның мінгенін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автотұрақ иесінің танысы, Петропавл қаласының 25 жасар тұрғынының қатыстылығын анықталды. Оның сөзінше, ол кешке біреудің машинасын ұрын мініп, спирттік ішімдікке барып келу үшін «таныстығын пайдаланған». Жолда кішігірім ЖКО жасаған, кейін ұрланған көлікті орнына қойған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Тәжірибе көрсеткендей, көліктерді айдап әкетудің басым бөлігі алкогольдік ішімдік ішумен байланысты болады, - дейді Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. – Мәселен, жиі кездесетін сценарийлердің бірі – спирттік ішімдік әкелуге танысының көлігін мініп кету. Ішімдіктің күшімен танысының немесе жақын туысының көлігін мінуге құқығы бар деп шешкендер, әлбетте көлік иесімен жоспарларымен бөлісуді «ұмытып жатады». Екінші полиция бөлімі аумағында аталған қылмыс түрінің азайғаны байқалады: бұл жыл басынан орын алған алғашқы жағдай, өткен жылдың ұқсас кезеңінде ҚР ҚК 200-бабы бойынша 9 факті тіркелді».