Солтүстікқазақстандықтар кәсібилік танытқандары үшін полицейлерге ризашылықтарын білдірді

Солтүстікқазақстандықтар кәсібилік танытқандары үшін полицейлерге ризашылықтарын білдірді

Мамыр айында СҚО Полиция департаменті Процессинг орталығының қызметкерлерінің атына алғыс білдірген екі хат келді.

Петропавл қаласының тұрғыны түсініксіз мәселеде көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірген. Бірнеше жыл бұрын оған тиесілі екі автокөліктің құжаттамасында қате кеткен, ол кезде маңызды емес болып көрінген. Алайда, қозғалтқыш көлемі туралы нақты мәліметтердің сәйкес келмеуіне байланысты автомобиль иесі салықты артық төлеп келген. Процессинг орталығының қызметкері полиция капитаны Алтынбек Жамалиев ұзақ жылдар бойы сақталған архивті көтеріп, жағдайды қалпына келтіруге көмектесті.

«Полиция капитаны А.Х. Жамалиевтің менің өтінішімді жауапкершілікпен және ұқыпты қарауы, жағдайды шешу үшін байыбына баруы, өзінің іс-әрекетімен және кәсібилігімен қоғам тарапынан сенім тудыратын мемлекеттік қызметші ретінде көрсетуге сөзсіз лайық», - деп жазыпты қала тұрғыны.

Осыған ұқсас хатты Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың атына «Өнеркәсіпті даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Е.Рахметуллин жазыпты. Ол Процессинг орталығының қызметкері полиция майоры Жұлдыз Бағытқа алғысын білдіреді: «Жұлдыз Сайранқызының жоғары кәсібилігі, біліктілігі мен жауапкершілігі адал сатып алушыларға сатылған жылжымалы мүлікті есептен шығару мәселелерін жедел шешуге септігін тигізді». Мәселе лизингтен автомобильдерді есептен шығарып, оларды сатып алушыларға тіркеуіне мүмкіндік беру процесі туралы айтылады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл көпшіліктің көңіл бөле бермейтін полиция жұмысының бір бөлігі», - деді полиция ведомствосының бастығы Марат Төлебаев. - Бірақ бұл жоғары біліктілікті және нәтижеге бағдарлауды, қиын жағдайларды терең және мұқият түсініп, байыбына бару қабілетін қажет етеді. Бірде-бір адам полиция қызметкерінен өзінің заңды талаптарына жауап алмай кетпеуі тиіс - бұл солтүстікқазақстандық полициясы жеке құрамының негізгі ұстанымдарының бірі. Осындай «көзге көрінбейтін», бірақ адамдар үшін маңызды салада ризашылыққа бөлену, сервистік модель бойынша полиция қызметін дамыту дұрыс жолға түскендігінің белгісі».