
Балалардың қауіпсіздігі туралы байыпты әңгіме Солтүстік Қазақстан полицейлері мен мұғалімдері арасында болды. Бейнеконференция байланыс режимінде СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері білім беру басқармасының өкілдері және білім беру ұйымдарының директорларымен білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қауіпсіздік тақырыбында жұмыс кездесуін өткізді.
Полицейлер талаптардың күшейтілгенін және террористік қатынаста осал объектілердің, олардың техникалық жабдықталуына қатысты басшылардың міндеттері бекітілгені жайлы сөз қозғады.
«Бейнебақылау, «дабыл батырмалары», ескерту жүйелері және бұзуға қарсы құрылғылармен жабдықтау, қауіпсіздік қызметтерін көрсетуге келісімшарттар жасау - кеңесте көтерілген мәселелердің ауқымы кең болды, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Жарасбаев. - Алайда, ең маңызды мәселе қызметкерлер мен оқушылардың дағдарыс жағдайына дайындығы болды. Қауіп төнген кезде іс-әрекетке машықтану үшін жаттығу сабақтарын ұйымдастырмай, ешқандай техника қажетті нәтиже бермейді. Осы орайда, бұл бағытта жергілікті жерлерде жұмыстар басталып та кетті. Мәселен, Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері И.П. Шухов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері және оқушыларымен террористік қауіп туындаған кезде эвакуациялау жөнінде практикалық сабақ өткізді. Осындай сабақтар барлық мектептерде тұрақты түрде өткізілетін болады».
Сондай-ақ, педагогтар алдында Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ психолог қызметінің психологі Павел Моисеев сөз сөйледі. Ол экстремизм психологиясы, террористік тұлғаның модельдері және олардың қалыптасуына қолайлы жағдай туралы айтты. Сонымен қатар, полицейлер мектеп директорларына электронды түрде әдістемелік құралдар мен анықтамалық материалдар таратып, байланыс мәліметтерімен бөлісті. Полицейлер өткізілген бейнеконференцияны солтүстікқазақстандық мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі үлкен науқанның бастамасы деп отыр.