Жаз мезгілінде қысқы шиналарды пайдалануға бағытталған профилактикалық рейд

Жаз мезгілінде қысқы шиналарды пайдалануға бағытталған профилактикалық рейд

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жаз кезінде қысқы шиналарды қолдану бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тәжірибе көрсеткендей, кейбір жүргізушілер өз автомобильдерінің шиналарын уақтылы ауыстыруға мән бермей жатады. Егер қыс мезгілінде қысқы шинаның қажеттілігі айқын болса, жазда жүргізушілер ауыстыруға асықпайды. Бұл ретте қысқы шиналарды жазда пайдалану қауіпті. Қысқы шиналар құрамы, қасиеті бойынша жазғы жолдарда жүруге арналмаған: тиісті үйкелісті қамтамасыз етпейді әрі қызудан жарылып кетуі мүмкін.

«Сондықтан жаз кезінде (маусым, шілде, тамыз) тайғанауға қарсы тікендері бар шиналар қойған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған, – дейді облыстық Полиция департаменті ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Жақында осы күнге дейін қысқы шиналары бар көлік тізгіндеп келген жүргізушілер ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-б. бойынша техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Жаза – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегі айыппұл. Осыған байланысты ЖПҚ қызметкерлері профилактикалық рейдтер ұйымдастырды, оның барысында қысқы шиналарды ауыстыру қажеттіліктері түсіндірілді».

Бір кештің ішінде «Оңтүстік» бекетінде осындай 5 жағдай анықталды. Айта кететіні, мұндай көлікті жүріп келе жатқан дыбысынан анықтау қиын емес. Тәртіп сақшылары автокөлік иелерін өз көлік құралдарының техникалық жағдайына көңіл бөлулерін және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауларын сұрайды.