Погондағы «жұлдыздар» - СҚО ПД мәдени орталығы

Погондағы «жұлдыздар» - СҚО ПД мәдени орталығы

СҚО Полиция департаментінің өмірінде Мәдени орталықтың алар орны ерекше. Погонды әртістер әр маңызды деген іс-шараларды сүйемелдейді. Көпжылдық тәжірибелері бар ұжым бүгінгі күні мықты кәсібилер деңгейінде жұмыс істейді. Бұған таңғалатындай емес те, өйткені орталыққа Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі, ҚР Мәдениет қайраткері Дидар Малаев жетекшілік етеді. Мәдениет қайраткері – мәдениет саласындағы қызметкерлерге берілетін жоғарғы атақтардың бірі. Салтанатты іс-шаралар мен гарнизондық таратуларды үрмелі оркестрдің қатысуынсыз елестету қиын. Оны отставкадағы полковник Генадий Попов басқарады. Барлық қатысушылардың кәсіби музыкалық білімдері бар. Кларнет, тромбон, саксофон сияқты музыкалық аспаптардың әсем үні салтанатқа ерекше атмосфера беріп, жанды тебірентеді.

Ведомство қызметкерлерінен тұратын вокалдық топ үшін жанды дауыста ән айту маңызды. Полиция қызметкерлерінің бос уақыттары тапшы, дегенмен олар өнерге уақыт тауып, дайындықтарға қатысып тұрады. Нысанды киімдегі әртістер Департамент қабырғасындағы да, көшпелі іс-шараларға да қатысып, әсерлі, сезімтал конферанс Владимир Лебедевпен адамдарға жарқын көңіл-күй сыйлайды. Пандемияға дейін балалар вокалдық тобы көрермендердің көзайымы болды. Ең жас әртістер – қызметкерлердің балалары – мәдени орталыққа зор құлшыныспен келеді.
Карантиндік шектеулер өнер көрсету кестесіне өзінің түзетулерін енгізді. 2020 жылдың 8 мамыр күні концерт алғашқы рет онлайн-форматта, әлеуметтік желілерде көрсетіле отыра өткізілді. Осы форматта вакалдық топ биыл да Жаңа жылда, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні солтүстікқазақстандықтарды әндерімен құттықтады. Ән айтатын полицейлердің күшімен дайындалған «Мәңгілік «Катюша» сияқты бейнеролигі WhatApp мессенджері арқылы бір шеті Германияға дейін жетті.
«Әрине, көрерменнің алдында тікелей өнер көрсеткенге не жетсін, біздің әртістер мұндай кездесулерге ерекше сезіммен дайындалады, - дейді Дидар Малаев. - Советская және Бостандық көшелерінде тұратын тұрғындардың жылы лебіздері кездейсоқтық емес. Бұл көшелерде тұратын Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагерлер үшін дәстүрлі түрде концерт ұйымдастырылды. Жеңіс жауынгерлерінің көршілері болса, «ашық аспан астындағы» қойылымға ризашылықтарын білдірді. Кейбіреуі аулаға Мәңгі өлмейтін полк шеруіне дайындалған аталарының портреттерін алып шықты».

Ұжымның ерекше мақтанышы — жылдар өтсе де халықтың жадында жүрген эстрадалық хит әндер мен Қазақстанға кең таралған «Я казах», «Батырлар ұраны» және басқа да әндермен толыққан, оның бай репертуарында. Әр іс-шараға мәдени орталық жаңа бағдарламалар дайындайды, бүгінгі таңда репертуарында 100 аса ән бар. Болашақтағы жоспарда Балаларды қорғау күні мен Мемлекеттік рәміздер күніне жаңа роликтер түсіру. Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік бағдарламаға дайындық жүргізілуде.
«Біздің көпұлтты өңіріміздің полиция қызметкерлері қазақ жеріндегі бейбітшілік пен келісімнің жарқын дәстүрін көрсете отыра, әр тілде әндер орындайды, — деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев. — Көптілділік — қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің маңызды бөлігі, оны нығайтуға мәдени орталық бар күш-жігерін арнайды. Сондықтан да оның жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Отанға адалдықты, ұрпақтар сабақтастығын, толеранттылық пен қазақстандық сананы насихаттау үшін қызметкерлердің шығармашылық дарынын кеңінен пайдалануға тырысамыз».