
Айыртау ауданының ПБ жергілікті тұрғын бірнеше интернет алаяқтыққа күдіктелуде деген хабарлама келген. Оның атынан WhatsApp мессенджерінде жазба жүргізілген, оның барысында қаскөй жәбірленушілерге «ақшаны айналымға жіберіп жылдам баюды» ұсынған. Кез келген салыммен аз уақытта 30 пайыз пайдаға кенелуге болады-мыс. Ақтөбе, Тараз, Қызылорда және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары қылмыскерге орта есепппен – 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін өз ақшасын сеніп тапсырған. Полицейлер 1988 ж.т. туған аудан тұрғынының Көкшетау қ. тұратынын анықтады. Ол бір кездері телефоны мен банк карточкасын жоғалтып алғанын, кез келген біреулер оларды пайдалануы мүмкін деп түсіндірген. Алайда бұл нұсқаға полицейлерде күдік туындаған.
«Тергеу бөлінісінің қызметкері полиция аға лейтенанты Асылхан Төлегеновтің кәсібилігін атап өткен жөн, — дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев. — Ол барлық мән-жайды мұқият тексеріп, атап айтқанда күдіктінің жәбірленушілермен жүргізген жазбаларын және оған аударған ақшаларды пайдаланғанын анықтады. Осылайша, күдіктінің тоғыз эпизодқа қатысы бары белгілі болды. Жиналған материалдар Көкшетау қаласына жіберілді, онда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасады. «Ақшаны айналымға жіберіп жылдам баю» деген жалған уәде алаяқтықтың кең тараған сценарийлерінің бірі екендігін адамдарға ескертеміз. Интернетте байланыс жасаған кезде абай болыңыз, тауар мен қызмет үшін алдын ала төлем аудармаңыз, құпия сөздердің нөмірін және мобильді құрылғыларыңыз бен банк карталарының кодтарын мен ешкімге айтпаңыз, тез баю деген жалған уәдеге сенбеңіз».