СҚО полицейлері бороналарды ұрлауда күдіктіні ұстады

СҚО полицейлері бороналарды ұрлауда күдіктіні ұстады

Қызылжар ауданының полиция бөліміне белгісіз қылмыскер жергілікті ЖШС тиесілі 22 боронаны ұрлағаны жайлы арыз келіп түскен. Егіс жұмыстары кезінде сынған трактор жөндеуге жөнелтіліп, алқапта қалдырылған бороналар біреудің олжасына айналған. Кәсіпорынға келтірілген шығын 550 мың теңгені құрады. Жедел уәкілдер Соколовка с. поселкелік полиция пунктінің учаскелік инспекторларымен бірлесе оқиға орын алған жер мен төңіректі тексеріп, орманға жақын маңнан бороналарды тапқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы ауыл тұрғынының қатысы бары анықталды. Ұрланған мүлік алынып, иесіне қайтарылды.

«Ұсталған басқа ауылға бет алып, алқаптың маңынан өткен тұста қараусыз жатқан бороналарға көзі түскенін түсіндірді, — деп нақтылай кетті Қызылжар ауданының ПБ бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов. — Түнде ол тіркемемен келіп, кәсіпорынның мүлкін орманға жасырып, кейін танысының тракторымен алып кетпек болған. Оның айтуынша, сайттардың бірінде тегін хабарландырулардан бороналарды сатып алу туралы көрген және ұрланған мүлікті сатып алушыға ұсыну немесе металға тапсыру ойына келген. Егіс науқаны кезінде полицейлер аграрийлер мүлкінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударады, егіс материалын, ауыл шаруашылық техникаларының қосалқы бөлшектері мен ЖЖМ ұрлауды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды. Сонымен қатар, барлық ауыл шаруашылық құрылымдарының иелерінен өз мүлкінің сақталуына ұқыпты әрі сақтықпен қарауды сұраймыз»