Қарақшылықтың профилактикасы - Петропавл полицейлерінің кәсіпкерлермен әңгімесіне арқау болды

Қарақшылықтың профилактикасы - Петропавл полицейлерінің кәсіпкерлермен әңгімесіне арқау болды

18 мамырда Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі қызметкерлерінің кешкі таратуында бөлімнің қызмет көрсететін аумағында орналасқан барлық сауда орындарын аралауға нұсқау берілді. Тәртіп сақшылары қылмыстық қолсұғушылықтан қорғаудың қабылданатын шараларын зерделейді. Полицейлер жоспарлаған кәсіпкерлермен маңызды әңгімеге дайындық осылай өтеді.

«Жыл басынан қызмет көрсететін аумақта жанар-жағармай құю станциясын тонау мен дүкенге қарақшылық шабуыл жасау тіркелді, — дейді Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. — Тәжірибе көрсеткендей, ұқсас жағдайларға жол бермеу, көбіне бизнес-объектілердің техникалық нығайтылуына байланысты болады. Өкінішке орай, кәсіпкерлердің бәрі бірдей өз мүліктерін қорғау және басты жәйт қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі мәселелеріне көңіл бөле бермейді. Сондықтан осындай кездесулерді өткізу қажет деп санаймыз. Карантин талаптарын сақтау үшін, бизнесмендерді топтарға жинап, сауда нүктелерін қорғаудағы бар кемшіліктерді түзетуге кеңес береміз».

Бірінші қабаттағы терезелерде тордың, сигнализацияның, дабыл тетігінің, күзетшілер мен бейнебақылау камералар, іргелес аумақтың жарықтың болуы — бірнеше жыл бойықарақшылық шабуылдарды мұқият талдауға негізделген ұсыныс. Дағдарыс жағдайларында өздерін қалай ұстау керектігін білуі үшін жалдамалы жұмысшылармен нұсқамалық жүргізу аса маңызды мәселе. Полицейлер: көп жағдайда атап айтқанда техникалық нығайтылмаудың жоқтығы қаскөйлердің қылмыстық әрекетке баруына әкелетінін біледі. Қауіпсіздікті ұйымдастырудағы сауатты іс-әрекеттермен қылмыстардың біразын алдын алуға болады.