Петропавлда дүкен ұрылары тұрмыстық химияны олжалаған

Петропавлда дүкен ұрылары тұрмыстық химияны олжалаған

Петропавл полицейлеріне сауда үйлерінің бірінің әкімшісі ұсақ ұрлық жасалғанын айтып жүгінді. Тұрмыстық химия сататын бутиктен сусабындар мен жуынуға арналған гельдер қолды болған. Шығын сомасы 10 мың теңгені құрады. Петропавл қ. ПБ Бірінші ПБ жедел уәкілдері жұмыстарын бейнебақылау камераларын қараудан бастады. Бейнежазбалардан екі күдікті ер адамды байқайды, олар полицейлерге жақсы таныс болатын, екеуі де бұрын дүкендерде ұсақ ұрлық жасағандары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Бағдарлар полицияның кешенді күштеріне жолданды, жарты сағаттан соң автопатруль күдіктілерді 20-шы шағын ауданнан ұстады. Екеуі де Петропавл қаласының 37 және 33 жастағы тұрғындары, мүліктік қылмыс жасағандары үшін сотты болғандар. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы «Ұсақ-түйек жымқыру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Ер адамдардың үлкені маскүнем ретінде есепте тұр, - дейді Бірінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. – Ұсталғандар олжаларын сауда үйінің маңында сатып жібергендерін айтып түсіндірді. Олар шығын сомасын өтеуге және кешірім сұрауға ниет білдірді. Сөзсіз, олар енді қылмыстық «кәсіптерімен» қош айтысатындарын айтып, жәбірленушілерді сендірмек болады. Дүкен ұрыларының мұндай-мінез құлықтары үйреншікті әдеттеріне айналып кеткен. Күдікті заттарды қолдан сатып ала тұра, қаскөйлерді жаңа қылмыстарға итермелейтіндеріңізді еске саламыз».