СҚО-да ардагерлер кеңесі Көпеевтер әулетін Халықаралық отбасы күнімен құттықтады

СҚО-да ардагерлер кеңесі Көпеевтер әулетін Халықаралық отбасы күнімен құттықтады
Белгілі солтүстікқазақстандық полиция зейнеткері Сұраған Көпеевті балалары, немерелері мен облыстық Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің өкілі Халықаралық отбасы күнімен құттықтады.

Сұраған Мырзахметұлы 85 жаста. Қадірлі жастағы еңселі, нар тұлға, биыл ол құрмет демалысына шықты. Бұған дейін Департаменттің ардагерлер ұйымына төрағалық етіп, тәртіптік комиссияның белді бір мүшесі болған. Кадрларды даярлау жөніндегі инженерден облыстық милицияның тыл басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған ол, - өзі жайлы талапшыл, сезімтал және мінсіз адал адам ретінде естелік қалдырды. Халықаралық отбасы күнімен бұрынғы әріптестерінің құттықтап, естелік сыйлықты тарту етуі кездейсоқ емес. Сұраған Көпеев - мықты әулеттің негізін қалаушылардың бірі. Оның Меншік Байділдинамен 60 жылға жуық отасуы отбасындағы айрандай ұйыған берекенің берік діңгегін қалыптастырды.

"Сол кездері мен бұл арықша келген жігітпен осыншама жыл өмір сүремін деп ойлаған жоқпын ", - деп қалжыңдаған Меншік апай жарына мейірлене қарап. Атай мен әжейдің қалжыңды әңгімесі жарасын табуда. Ерлі-зайыпты Көпеевтер өзара сыйластықты алғашқы орынға қояды.

"Сүйіспеншілік, түсіністік, құрметтеу - отбасындағы бақыттың қарапайым құпиясы, - дейді Сұраған Мырзахметұлы. Сондықтан Меншік екеуміз балалардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыруға тырыстық".

Көпеевтер алты немере сыйлаған қыз бен екі ұлын тәрбиелеп өсірген. Балалардың бірі погон тақса, енді бірі құқық қорғау қызметінде еңбек етуде. Бүгінгі таңда әулеттің жолын жалғаушы - немересі Дана, полиция аға лейтенанты, Петропавл қ. Жедел басқару орталығының инспекторы. Сондай-ақ оның кіші сіңлісі Даяна заңгер мамандығына оқуда және полицей кителін киемін деген берік ойда.

Сұраған Мырзахметұлының пікірінше, отбасы - адамгершіліктің басты кепілі. «Тәрбие - бір ғана айтылатын сөз емес, бұл - үлгі, - деп ол сеніммен айтты. - Әрине, үнемі көңіл болу керек. Бәйбішем Меншік екеуміз кәмелетке толмағандарға арналған колонияда ұзақ уақыт бірге жұмыс істедік. Бұл өте қиын кезең және де өте жауапты жұмыс еді, жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмысымыз бітті деп айтқан емеспіз. Егер де бос уақыт бола қалса, балалармен бірге өткізуге тырысатынбыз. Мен бүгінгі мерекеде бар адамға тілерім: ең бастысы өмірдің бір сәті болса да жақындарыңызбен бірге өткізуге тырысыңыздар дегім келеді, өйткені біз тек басқа адамдардың жанында ғана өзіміздің біреуге керек екенімізді сезінеміз».