
Аслан Багаудинович Боков әкесінің жолын қуған азамат. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясында заңгер білімін алып, бүгінде полиция майоры атағымен Тайынша ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы қызметін атқаруда.
Қай мамандықта қызмет атқармасын әулет абыройлы орында. Ал, ішкі істер органдарындағы полицейлер әулеті - қалыпты құбылыс. Таңқаларлық ештеңе жоқ, өйткені полиция қызметкері барлық қиыншылықтарды, қызметтегі қуанышты сәттерді отбасымен бірге бөлісіп, бірге көреді. Балалары кішкентай кездерінен полицей қызметінің қызығы мен шыжын көріп өскендіктен, болашақтағы мамандықтары алдын-ала белгіленіп қойғандай. Олардың өмір жолын таңдауы әрқашан отбасылық әулеттегі дәстүр сабақтастығын құрметтеумен анықталады.
Боковтар отбасының отағасысы ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Багаудин Гериханович Боков. Ол өзінің еңбек жолын Еңбекшілдер ауданы ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы болып бастаған, ал қазір оның жүрген жолымен нық сеніммен ұлы Аслан келе жатыр. Тайынша ауданы полиция бөлімінің КПб бастығы полиция майоры А.Б.Боков ауыр атлетикадан көптеген облыстық және республикалық жарыстардың чемпионы және жүлдегері.
«Менің әкем - Багаудин Гериханович Боков КСРО ІІМ-нің Алматы орта арнайы мектебін бітірген. 1981 жылы ол ішкі істер органдарының қызметіне кіріп, 30 жылын полиция мамандығына арнады. Арықбалық аудандық ішкі істер органдарында, Көкшетау облысының Ішкі істер басқармасында және Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде қызмет етті. Әкем полиция полковнигі шенінде запаста шықты. Соңғы қызмет орны - Тайынша ауданы ішкі істер бөлімі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары. Әкемнің ағасы - полиция майоры Исса Гериханович Боков та зейнеткер.
«Әкем – сөзінде тұратын адам. Сымбатты, денелі, ол мен үшін әрқашан үлгі болады және болып қала береді. Менің жоғары білім алуға кезім келгенде, менде тіпті басқа жолды таңдаймын деген құлшыныс мүлдем болған жоқ. Менің алдымда үлгі аларлық екі керемет адам тұрды: әкем мен ағам. Мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясын бітірдім, криминалдық полицияда қызмет етіп жүргеніме және еңбекқор отбасы әулетін жалғастырғаныма мақтанамын», - деді Аслан Боков.