
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі анықтау тобының аға анықтаушысы полиция майоры Ирина Александровна Черкасова ішкі істер органдарында 13 жылдан бері жұмыс істейді. Ұжымда оны өз жұмысын білетін адам, білікті және білімді маман, өз ісінің шебері ретінде сипаттайды.
Ирина Черкасова №1 Новоишимское орта мектебінің түлегі, 1998 жылы мектепті бітірген соң, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, ол Қостанай қалалық сотының бас маманы болып жұмыс істей бастады.
2008 жылдың шілдесінде Ирина Александровна Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы қызметіне тағайындалды. Содан бері оның негізгі жұмысы қылмыстық істерді тергеу болды. Жұмыс ауыр және әйел адамға тән емес. Бірақ, өмір көрсеткендей, қазіргі заманғы нәзік жандылардың қолынан келмейтін ештеңе жоқ. Ирина Александровна өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз орындайды. Ұжымда құрметке ие, білімді, ұқыпты, өте талапшыл және тәртіпті.
Анықтаушы мамандығы ізденімпаздықты, жұмысқа деген жоғары қабілеттілікті, денсаулықты мен төзімділікті қажет етеді. Сонымен қатар, жұмыс өте қиын және мұқият болуды, бар зейінмен толық орындауды талап етеді.
Ал, Ирина Александровна қызметінде жүргенде, үйінде сүйкімді қыздары күтіп отырады. Ол өз жанұясын өте жақсы көреді және мүмкіндігінше туыстарына мейірім мен жылулық, қамқорлық пен жайлылық сыйлауға әрқашан тырысып бағады.
Ирина Александровна - әулетті жалғастырушы. Оның әкесі Александр Федорович Арефиев осы бөлімде 20 жылдан астам қызмет еткен. 1980 жылдан бастап ол мемлекеттік автоинспекция инспекторы, ал 1996 жылы аудандық полиция бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары болды. Александр Федорович 2001 жылы подполковник шенінде еңбек демалысына шықты.
Отбасының ішкі істер органдарындағы жалпы отбасылық жұмыс өтілі 33 жылды құрайды.