СҚО полицейлері өртеу фактісін тергеуде

СҚО полицейлері өртеу фактісін тергеуде

10 мамырға қараған түні М. Жұмабаев ауданында Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірін жалмаған өрт орын алған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ: жалғызбасты 52 жастағы әйел танысының үйінде түнеген. Ол полицейлерге жуырда жанжалдасып қалған өзінің жақын таныс адамы қоқан-лоқы көрсетпек болғанын хабарлаған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері нақты өрттің себебі қасақана өртеу екендігін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны және ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін сотталған 42 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бары расталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді».

«Ұстау кезінде күдікті алкогольдік масаң күйде болған, — деп нақтылай түсті аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қайрат Бимендин. — Ішімдікті асыра пайдалану көбіне адамдарды заң бұзуға итермелейді. Күдіктінің айтуынша, аулада тұрған дивандағы жамылғыны өртеу үшін оттықты пайдаланған. Аталған факті бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».