СҚО полицейлері Жеңіс күні қарсаңында қайырымдылық істерді қолға алды

СҚО полицейлері Жеңіс күні қарсаңында қайырымдылық істерді қолға алды

СҚО полицейлері мамыр айындағы мерекелерді қайырымдылыққа арнады.

Есіл ауданы ПБ қызметкерлері ҰОС ардагерлері Григорий Гуцев пен Алексей Пивкинді, тыл еңбеккері Сергей Осиповті Жеңіс күнімен құттықтады. Ал Шал ақын ауданында полицейлер жалғызбасты зейнеткер Екатерина Мозголинаға барып қайтты. Жігіттер әп-сәтте ауланы ретке келтіріп, тазалап шықты. Бұдан бөлек, ауданның полицейлері мен прокурорлары өздерінің жерлестері, 1964 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Қағазбек Нұрсейітовті еске алды. «Мереке күндері барлық буын өкілдерінің халдерін біліп, барып қайтуға тырыстық», - дейді аудандық ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Мұхамбетжанов. — Мәселен, қызметкерлердің балалары Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Соғыссыз әлем» атты суреттер байқауына қатысты».

Осы сияқты іс-шаралар солтүстікқазақстандық полицияның барлық бөліністерінің қызметкерлерімен өткізілуде.

«Қайырымдылық – тәртіп сақшылары жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі», - дейді СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев. – Полицейлер соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге барады, естелік іс-шаралар өткізеді. Аға ұрпақтың ерліктерінің есте сақталуы – қызметкерлерді патриоттылыққа тәрбиелеудің кепілі. Олардың ерліктері мен Отанға берген сертке адалдығы – полицияда қызмет атқаруға келген әр азамат үшін мықты бағдар болмақ».