Зейнеттегі полицейлер ҰОС ардагерінің бейітін тазалады

Зейнеттегі полицейлер ҰОС ардагерінің бейітін тазалады

Жол полициясының ардагерлері зират басына барып, ішкі істер органдарының және Ұлы Отан соғысының құрметті ардагері Василий Аксеновтің бейітін тазалады.

Василий Матвеевич жаяу әскерде қызмет еткен, соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. Соғыс аяқталғанда кавалериялық полкі штабының бастығы лауазымында болған, ол Ұлы Отан соғысы орденінің толық кавалері, сондай-ақ басқа да жауынгерлік марапаттары бар. Милицияда 20 жыл еңбек еткен, 1977 жылы зейнетке шыққанымен МАИ-де сызушы және партиялық ұйымның хатшысы болады.

«Ардагер бейітін осымен екінші жыл жинастырудамыз, себебі Василий Аксеновтің туыстарынан Петропавлда тек жиені ғана тұрады, – деді СҚО Полиция департаменті әкімшілік және жол полициясының ардагерлер ұйымының төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Евгений Райтенбах. - Жиені сол күні зират басына келді, айтуынша бір нәрсені таңертеңнен сезгендей болған. Біз кездестік, ол шын жүректен алғысын білдірді. Ардагердің үлкен қызы да Алматыдан қоңырау шалып, жылы лебізін жеткізген. Төрт жыл бойы өмірін қауіпке тігіп, бейбіт өмір сыйлаған әріптесіміздің бейітін тазалау - біз үшін құрмет көрсету болып табылады».