
Джура Кобелев 1917 жылы 2 мамырда Өзбекстанда көп балалы шаруаның отбасында дүниеге келген. Қызыл Әскерге кавалерист ретінде шақырылып, Сталинград маңындағы қанды ұрыстарға қатысыпты. Қатты жарақат алып, Қазақстанда емделген. 1945 жылдан кейін майдангер ішкі істер органдарына қызмет етуге жіберілді. Милицияда Джура Кобелев зейнетке дейін түрлі лауазымдарда еңбек етті. Ардагер әскер қатарында соғысып қана қоймай, милицияда да еңбек еткенін мақтан тұтады.