СҚО полицейлері петропавлдық-майдангер туралы фильм түсірді

СҚО полицейлері петропавлдық-майдангер туралы фильм түсірді

Солтүстікқазақстандық телеарналар эфирінде облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мен мұражай қызметкерлері әзірлеген «Бір жәдігер тарихы» циклінен деректі фильм көрсетілді. Фильмде мұражайдағы бірегей композиция жайлы айтылады. ҰОС және облыстық ішкі істер органдарының ардагері, аңызға айналған № 56 бронепойызда радист болып қызмет атқарған петропавлдық Аптюк Зинеевке арналған. Гитлершілер бұл пойызды «Отты елес» деп атаған. Соғыстың 25-ші күні кеңес солдаттарының Днепр арқылы шегінуі кезінде экипаж ауыр отты өздеріне қабылдайды. 1960 жылы Довженко атындағы киностудияда бұл ерлікке толы көрініс туралы «Крепость на колёсах» атты көркем фильм түсірілді.

«Біздің СҚО ІІО-ның ҰОС қатысқан 800-ге жуық қызметкерінің ішінде көзі тірісінде-ақ көркем фильмде естелік болып қалған бір жауынгер болды, - дейді СҚО ПД мұражайының меңгерушісі отставкадағы милиция подполковнигі Любовь Осинская. Сол ұрыста жерлеу командасы Аптюк Зинеевті өлдіге санап, бронепойыз командирі Петропавл қ. Заречный кентіне «қара қағаз» жолдаған...».

Абырой болғанда, көп ұзамай Петропалға госпитальден хаттар келіп түсе бастайды. Ұзақ емделуден кейін Аптюк Зинеев 3-ші топтағы мүгедек ретінде «есепке қойылған». Үйіне оралған соң анасымен әскери комиссариатқа барып, келген «қара қағазын» тапсырады. Денсаулық жағдайына қарамастан қол қусырып отыра алмады. 1942 жылдың мамырынан Солтүстік Қазақстан облысының ІІО қызметке келіп, оған өмірінің 32 жылын арнайды.

Полицейлер түсірген фильмде ержүрек солтүстікқазақстандықтықтың басқа да жарқын бейнелері суреттеледі. Көрермендер оның жазушы Аркадий Гайдармен таныстығы туралы біледі. Жазушының ұлы Тимур соғыстан кейін Аптюк Зинеевпен хат жазысып тұрған. Оның әйгілі әкесі туралы жазған кітабына петропавлдық майдангердің естеліктері де арқау болған.

Фильм көрермендердің жылы пікірлеріне ие болды. Аталған туындыны әлеуметтік желілердегі облыстық Полиция департаментінің аккаунттарынан тамашалауға болады.