
1924 жылы 5 мамырда СҚО Октябрь ауданының Көктерек ауылында туған. 8 сыныпты тәмамдаған соң колхозда жұмыс істеді. 1942 жылдың қазан айында Жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне шақыртылып, Ташкенттегі пулеметшілер училищесіне жіберіледі. 1943 жылдың наурызынан 2-ші Украина майданында фашистермен соғысқан. Днепр үшін ұрыстарда жараланады. Сауыққан соң Карелия майданына жіберіледі. Мұнда екінші жарақатын алады. Емделуден кейін Ішкі істер халықтық комиссариатының айдауылдау әскерінің полкінде бөлімшені баксқарған, Эстонияда соғыс тұтқындарын күзеткен. Батылдығы мен ерлігі үшін I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және КСРО маршалы Г.К.Жуковтың медалімен наградталған.
1951 жылы Сергеев АІІБ-ға қызметке келеді. Бір жылдан соң Петропавл қ. 1 ҚМБ-ға учаскелік уәкіл болып ауысады. 1966 жылдан 1984 жылға дейін старшина шенінде партиялық-кеңестік органдардың ғимараттарын күзететін милицияның бөлімшесін басқарған. «Милиция үздігі» төсбелгісімен наградталған.