Милиция подполковнигі Сергей Федосеевич Милютин

Милиция подполковнигі Сергей Федосеевич Милютин

1925 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. 7 сыныпты бітірген. № 641 зауытта сүргілеуші болып жұмыс істеген. 1943 жылы Жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне шақыртылып. Тамбов жаяу әскер училищесін аяқтаған соң 1-ші Украина майданына жіберілді. Онда 239-шы пулеметшілер взводын басқарған. 1945 жылдың сәуір айында ауыр жараланып, эвакогоспитальге жатқызылды. «За боевые заслуги» медалімен наградталған.

Демобилизациядан соң 1946 жылдың ақпанынан бастап 10 жыл бойы СҚО ІІМБ-нің жедел уәкілі, кейін аға жедел уәкілі болып қызмет атқарады. Алма-Ата жоғары милиция мектебін тәмамдаған соң Петропавл қ. ІІБ Социалистік мүлікті ұрлауға қарсы күрес бөлімшесіне жетекшілік еткен. 1964 жылдан 1974 жылға дейін Петропавл қалалық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі, ІІБ қызмет бөлімі бастығының орынбасары болған. «Милиция үздігі» төс белгісімен, үкіметтік наградалармен наградталған.