Милиция старшинасы Василий Александрович Малышев

Милиция старшинасы Василий Александрович Малышев

1914 жылы СҚО, Октябрь ауданының Ново-Покровка ауылында туған. 1932 жылы Жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне шақыртылып, Қиыр шығыста 5 жыл қызмет еткен. Демобилизациядан соң Ленин ауданында шофер болған. 1941 жылдың соңында әскери қызметке қайта шақыртылып, Амур облысына жіберілді. Мұнда Завитая стациясында артиллериялық полкте бөлімше командирі болып қызмет атқарған. Кейін оны Солтүстік-Батыс майданына 10-шы гвардиялық-десанттық дивизиясына жіберген. 1943 жылы 91-ші танк полкінің взвод командирі болған. Старая Русса түбіндегі ұрыста ауыр жараланады. Госпитальден кейін 204-ші запастағы полкке жіберіліп, онда 1945 жылдың тамызына дейін қызмет етті. «За боевые заслуги», «За победу над Германией» медальдарымен наградталған.

1948 жылы милиция органдарына қызметке келген. Милиционерлікке 18 жылын арнаған. 1966 жылы қызметтік міндеттерін атқару барысында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде ауыр атыс жарақатын алып, көз жұмады.
Қылмысқа қарсы күрестегі ерлігі мен табандылығы үшін қайтыс болғаннан кейін «За отличную службу по охране общественного порядка» медалімен наградталады. Оның есімімен Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында көше бар.