Милиция майоры Николай Иванович Гокин

Милиция майоры Николай Иванович Гокин

1912 жылы СҚО, Преснов ауданының Қара-Ағаш колхозында туған. 7 сыныпты аяқтаған соң еңбек жолын колхозшы болып бастаған. 1934 жылы Жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне шақыртылып, Қиыр Шығысқа жіберілді. Маньчжуриядағы жауынгерлік ұрыстарға қатысқан, 39-шы атқыштар дивизиясының 115-ші саптық полкінің ротасын басқарған. «За победу над Германией» медалімен наградталған.

Милициядағы қызметін 1947 жылы Приморье өлкесінің мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі басқармасының Милиция басқармасы мемлекеттік автоинспекциясының аға инспекторы болып бастаған. КСРО МҚМ Ленинград мектебін аяқтаған соң СҚО ІІМБ Милиция басқармасының қарамағына жіберілді. Мұнда 1957 жылға дейін мемлекеттік автоинспекция бөлімінің жолдарды қадағалау жөніндегі аға инспекторы болып қызмет атқарды. 1958 жылдан 1970 жылға дейін СҚО мемлекеттік автоинспекциясы бөлімінің аға инспекторы болған. Милиция үздігі. Атқарған еңбек жылдары үшін «За боевые заслуги» медалімен наградталған.