
1912 жылы Куйбышев облысының Бугульма қаласында дүниеге келген. 1942 жылы Омбы медициналық институтын тәмамдаған соң майданға жіберілді. Соғыс соңына дейін 3-ші Украина майданының 8-ші Армиясының эвакогоспиталінде дәрігер-ординатор болған. Жеңіс күнінен соң тағы 4 жыл Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі түрмесінің санитарлық дәрігері ретінде Берлинде жаралы солдаттарды емдеумен айналысты. Ерлігі мен Қайсарлығы үшін Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина» медальдарымен наградталған.
Демобилизациядан соң Петропавл қаласына келіп, милициядағы қызметін бастайды. Еңбек-түзету колониясының медициналық-санитарлық бөлімінің емдеуші дәрігері, № 2 түрменің айдауға жөнелтушісі, кәмелетке толмағандарға арналған медициналық-санитарлық бөлімнің бастығы болып жұмыс істеген. Жалпы, 30 жылын мінсіз қызметке арнады.