
1914 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының Ефимовка селосында дүниеге келген.
СҚО-ның ішкі істер органдарындағы қызметі 1937 жылы СҚО ІІХКБ МБ Петропавл қ.2-ші қалалық милиция бөлімінің милиционері болып бастаған.
1942 жылдың мамыр айында майданға аттанған. Бірінші Украина майданының 518-ші пулеметші-артиллерия полкі құрамында барлаушы болып соғысқан. Орлов және Брянск операцияларына қатысты. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «За боевые заслуги» және «За победу над Германией» медальдарымен наградталған.
Соғыстан кейін қалалық милиция бөліміндегі туған ұжымына оралып, 1946 жылдың мамырынан 1957 жылдың қыркүйегіне дейін СҚО ІІМБ Петропавл қ. 1-ші қалалық милиция бөліміне учаскелік уәкіл болып қызмет атқарған. Милиция органдарындағы еңбегі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен наградталған.