Милиция полковнигі Владимир Иванович Назаров

Милиция полковнигі Владимир Иванович Назаров

1925 жылы Саратов қаласында туған. 1941 жылы 7-ші сыныпты аяқтай сала досымен бірге Балқаш қаласындағы туған үйінен қашып кеткен. 16 жастағы Володя майданға аттану үшін өзінің жасына бір-екі жыл қосыпты. Майданның орнына оны фабрика-зауыттық білім алу үшін қорғаныс өнеркәсібінің зауытына жібереді. Зауытта жұмыс істеп жүріп, майданға аттанбақ ниетпен бірнеше рет әскери комиссариатқа жүгінген.
152 см-лік бойының аздығынан оны бірнеше рет қабылдаудан бас тартқан. Алайда көп ұзамай оны сүңгуірлерді дайындайтын Ленинград училищесіне жібереді. Оны 1944 жылы тәмамдап, кемелерге қарсы қорғаныстың минёрі мамандығын алады. Кейін ол Полярный қаласына Қызылту Солтүстік Флотына жолданады. 3-ші сыныпты минёр болып қызмет атқарған. Солтүстік Флотынының Бас базасының Рейдін күзету кезінде ауыр жарақат алады. Жауынгерлік ұрыстарға қатысқаны үшін «За оборону Советского Заполярья», «За победу над Германией» медальдарымен наградталған. 1946 жылдың сәуір айында денсаулығына байланысты демобилизацияланды.
Ішкі істер органдарында 1951 жылдан бастап қызмет атқарды. 10 жылдан астам уақыт бойы сарапшы болып еңбек еткен. Соңғы лауазымы – тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі. 1973 жылы құрметті демалысқа шыққан. 2020 жылдың ақпан айында қайтыс болды.