
Лекер Шаймергенов 1926 жылы 15 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Мәдениет ауылында дүниеге келген. 18 жасында майданға шақырылған. Соғыстың басынан аяғына дейін мерген болған. 1945 жылы жеңісті Берлин қаласында қарсы алған.
Саптың шетінде тұрған бітімі бөлек азиялықты байқаған маршал Г.К. Жуковтың «Сен қайдансың?» деген сұрағына «Мен Қазақстанмын!», - деп ерекше дауыспен жауап бергені ұзақ жылдар бойына жадында қалды.
Лекер Шаймергеновтің көптеген әскери наградалары мен «Жауынгерлік ерліктері үшін», «Ерлігі үшін» медальдары, «Жеңіс» ордені мен басқа да марапаттары бар.
1952 жылға дейін әскер қатарында қызмет еткен. Отанына оралған соң оған милицияда қызмет атқару ұсынылды. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында учаскелік милиция инспекторы болып жұмыс істеген. Құқықтық тәртіпті сақтауда 35 жыл аянбай еңбек еткен. 1983 жылы кеңес милициясының «майоры» шенінде отставкаға шықты.
СҚО ПД музейінде ардагердің еңбек жолына арналған ақпараттық стенд бар. СҚО, Қызылжар ауданының Прибрежное ауылында Лекер Шаймергеновтің есімімен аталған көше бар.