Милиция подполковнигі Әлихан Рамазанұлы Әбділхайымов

Милиция подполковнигі Әлихан Рамазанұлы Әбділхайымов

1925 жылы СҚО Петропавл қ. дүниеге келді. 1943 жылы Жұмысшы-шаруа Қызыл әскер қатарына шақырылды. Фрунзе атындағы әскери-жаяу училищесін аяқтаған соң Карелия майданында 300-ші әуе-десант полкінде атқыш болып қызмет атқарды. 1944-45 жылдары 2-ші, 3-ші Украин майдандарында әуе-десанттық бригадасының пулемётшісі болды. Румыния, Венгрия, Чехословакия, Аустрия елдерінде ұрыстарға қатысты. Үш рет жарақат алып, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен наградталды.

Демобилизациядан кейін 1949 жылы Петропавл қ. ішкі істер органдарына қызметке келеді. Басшы лауазымдарда қызмет атқарды: Петропавл қалалық милиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бастығы, ҚМБ бастығының орынбасары, Петропавл қалалық атқару комитетінің ІІО бастығы, Петропавл қ. Куйбышев АІІБ бастығы. Әлихан Рамазанұлы өз өмірінің 28 жылын милицияға арнап, 1977 жылдың 18 ақпанында құрмет демалысына шықты.