
1903 жылы СҚО Соколов ауданы Солодовка с. шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі – төмен. 1925 жылдан Жұмысшы-шаруа Қызыл әскерде қызмет еткен, демобилизацияланғаннан кейін жұмыс істеген. 1930 жылы ІІХКБ милиция басқармасына айдауылдау бөліміне қызметке қабылданған. 1941 жылдың қазан айында байланыс дивизиясы құрамында өз еркімен майданға аттанған.
Сталинград түбінде, 1-ші Беларусь майданында соғысқан. Өмірін тәуекелге байлап, оқпен арпалыса отырып, телефонист Мезенцев үздіксіз байланыспен қамтамасыз еткен. Варшаваны азат етуде, Берлинді алу кезіндегі ұрыстарға қатысқан. Петропавл қ. шыққан жауынгердің майдандағы жолы тізе бүккен Рейхстагтың қабырғасында аяқталды. Осы жолда бес рет ауыр жараланып, айлар бойы госпитальде емделіп, қайта ұрыс даласына оралған.
Үш рет Қызыл жұлдыз ордені, Ұлы Отан соғысы ордені, медалдар: «Сталинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» - бұл батырлық, ерлік пен даңқтың жарқын үлгілеріне толы майдандағы өмірбаянының бағасы.
1945 жылы туған өлкесіне, өзінің ұжымы Петропавл қ. милициясына оралады. 42 жыл еңбек етіп, құрмет демалысына шыққан. Ішкі істер органдарында көп жылдар мінсіз қызмет атқарғаны үшін Ленин және Әскери Қызыл Ту ордендерімен наградталған.