Милиция подполковнигі Иван Гаврилович Козин

Милиция подполковнигі Иван Гаврилович Козин

1925 жылы сәуірде Ақмола облысы Широковка деревнясында дүниеге келген. 1943 жылы 18 жасқа толар-толмас шағында өз еркімен майданға аттанады. Үш Белорус майдандарында шайқасады. Эльбаның түбінде Жеңіс туралы жақсы хабарды естігенімен, Германияда Эрфурт және Галла қалаларындағы әскери бөлімдерде тағы бес жыл радиостанциялардың бастығы болып қызмет етеді. I дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордені, «Ерлігі үшін», «Берлинді басып алғаны үшін», «Варшаваны босатқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары сияқты жауынгерлік марапаттары ішінде ол әскери бөлімнің командирі полковник Моисеевтің қолы қойылған грамотаны ең маңызды деп есептеді. Берлиннің оңтүстік-шығысына қарай бір топ неміс әскерлерін қоршап, жойғаны үшін оған Бас Қолбасшының 1945 жылғы 2 мамырдағы № 357 бұйрығымен алғыс жарияланды. Бұл хабар оған қиын шайқастан кейін, Неман өзенінен өткен кезде жеткізілді. И. Козиннің естеліктерінен: «Берлинді іріктелген, күшті неміс әскерлері қорғады, олар қасық қандары қалғанша тұрды. Осы жерде аяқтан жарақаттандым, алайда, ауруханадан бас тарттым. Жеңістің лебі сезілді, бұл хабарды сапта естігім келді. Жүректі күйдірген сұрапыл соғыс мәңгі жадымда қалды».

1951 жылдан милиция органдарында қызмет ете бастады. Ширек ғасырға жуық аудандық паспорт үстелінің бастығы, кейін СҚО ІІБ паспорт бөлімінің аға инспекторы болып қызмет етті.