Милиция подполковнигі Серік Сейітқазыұлы Смағұлов

Милиция подполковнигі Серік Сейітқазыұлы Смағұлов

1921 жылғы 9 мамырда Ақмола облысы Қара-Шимек ауылында дүниеге келген. Майданға 1941 жылы желтоқсанда шақырылады.

Сталинград шайқасына қатысушы Серік Сейітқазыұлы Смағұлов 1942 жылдың қарашасындағы ауыр шайқаста 124-ші ерекше атқыштар дивизиясының 70 автоматшыларының ішінен жалғыз өзі аман қалды. Алғашқы наградаларын - «Ерлігі үшін» және «Сталинград қорғанысы үшін» медальдарын осы жерде алды. Госпитальда ұзақ емделуден соң 1943 жылдың мамырында қайта майданға аттанды. Ресей, Белорусия, Польша қалалары мен елді мекендерін азат етуге қатысып, Германияның шекарасына дейін жетті. Кенигсберг түбіндегі шайқастарға қатысты. 9 мамырды неміс ормандарында қарсы алды, бірақ соғыс ол үшін әлі аяқталған жоқ еді – оны Қиыр Шығысқа жіберді. Моңғолияда, Қытайда болды, Квантун әскерімен шайқасқа қатысты. Соңғы әскери наградасы – «Германияны жеңгені үшін» медалі. 1946 жылы демобилизациядан кейін Петропавл қаласына келді. Серік Сейітқазыұлы республикалық милиция мектебін аяқтап, саналы ғұмырында Конюховский совхозында учаскелік инспектор болып қызмет атқарды. Милиция органдарында сіңірген еңбегі үшін Ленин орденімен наградталды. Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған Мәскеудегі салтанатты іс-шараға ҚР Президеті Н.Назарбаевтың бастауымен барған делегация құрамындағы ақсақал Серік Сейітқазыұлы көптеген майдангерлердің арасында марапаттарымен ерекшеленді. Мәскеу сапарындағы естеліктері туралы кітап жазуға болады. Бұл оның өмірінің апофеозы болды. Егде тартқан шағында ол басқа қазақстандықтармен бірге Мәскеуге мемлекетіміздің атынан барып қайтты. Өкінішке орай, бұл оның өміріндегі соңғы Жеңіс күні мерейтойының салтанаты болатын. Қарт майдангер Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 39 күн қалғанда ауыр сырқатынан көз жұмды.