СҚО-да Қазақстан халқы бірлігі күніне орай 8 полиция ардагері мен белсенді қоғам өкілдері марапатталды

СҚО-да Қазақстан халқы бірлігі күніне орай 8 полиция ардагері мен белсенді қоғам өкілдері марапатталды

Қазақстан халқы бірлігі күніне орай Полиция департаментінің акті залында басшылық пен жеке құрам, солтүстікқазақстандық полиция ардагерлері мен қоғамның белсенді өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Ведомство бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев бұл мереке полицейлер үшін аса қымбат екенін атап өтті.

«Облыстық полицияның бөліністерінде жиырма ұлт өкілі қызмет етеді, - деді облыстың бас полицейі. – Оларды бірлік, достық, ортақ парыз біріктіреді. Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу полицейлердің бойында сыйластық, достастық сезімдерін нығайтуға ықпал етеді. Біздің өңіріміз – еліміз бойынша ең көп ұлтты өңір. Өңірде келісім мен бейбітшіліктің орнығуы - барлық солтүстікқазақстандықтардың еңбегі».

Облыстың бас полицейі ведомствоның ардагерлерін марапаттады, олар зейнет демалысында болса да, қызметкерлердің тәрбие жұмысына үлестерін қосуда. Олардың ішінде ішкі істер органдарының ардагері, қазіргі уақытта облыстық әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Чингиз Курбанов та бар. «Жаныма жақын мекеменің қабырғасында полицейлерді осы ерекше мерекемен құттықтағаныма өте қуаныштымын, - деді ол. Бірлік, татулық біз үшін аса қымбат. Мен Қазақстан жеріне алғыс білдермін, бұл жерде өмірлік кәсібімді тауып, құқықтық тәртіп сақшылары қатарында 30 жылдан астам уақыт қызмет еттім».

Ішкі істер органдарының ардагерлері Чингиз Курбанов және Сал Магомедов «Ерең еңбегі мен қосқан жеке үлесі үшін» естелік медальдарымен марапатталды. Төлеген Қасымғалиевке «Бауыржан Момышұлы» естелік медалі табыс етілді. «Қолдаушы» естелік медалімен Валерий Вернигоров пен Толқын Қажеков марапатталды. Торғын Баймұханов СҚО ПД грамотасымен марапатталды, марапатталған ішкі істер органдары ардагерлерінің арасындағы жалғыз нәзік жанды Гүлшат Кожинаға Марат Төлебаев алғыс хат табыс етті. Дәл осындай алғыс хатпен СҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Нұрболат Абуов марапатталды, ол көп ұлтты еліміздің қалыптасу тарихын айтып берді.

Іс-шара СҚО Полиция департаменті мәдени орталығы өнерпаздарының концертімен аяқталды. Іс-шара аяқталысымен полицейлер қызмет атқаруға кірісті.