«Facebook» әлеуметтік желісіндегі петропавлдық белгілі пабликтардың бірінде облыс орталығының тұрғыны Зәуре Жұмалиеваның патрульдік полицейлерге алғысы жарияланған. «Көмек қолын созған полиция лейтенанты Берік Құсайынов пен тағылымдамашы Жәнібек Әнуарбековке зор алғыс білдіремін, — деп жазған ол. — Саябақта құрбым өзін нашар сезінген, бұл жігіттер көмекке келмегенде не болары белгісіз еді! Су әкеліп, «жедел жәрдем» шақырған, дәрігерлерге қалай өту керектігін түсіндірген…»
Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Құсайынов пен тағылымдамашы Әнуарбеков петропавлдықтарға «ескі саябақ» ретінде белгілі аумақта стационарлық бекетте кезекшілік атқарған. «Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері көмекке мұқтаж әйелді тексеріп, қан қысымы көтерілгенін айтты және оған дәрі берді, — дейді полиция лейтенанты Берік Құсайынов. — Біз оған такси шақырттық және қала тұрғынын шығарып салған соң, қызметімізге қайта кірістік. Полицейлер көмекке жүгінген әйелдің – республикалық басылымның журналисі, облыстық ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі, ал оның құрбысы – полицияның жұмысы жайлы эфирге талай сюжеттер шығарған, бұрын жергілікті телеарнаның редакторы болғанын білмеген.
«Осындай жылы сөздерден көңіліңе қуаныш ұялайды, дегенмен бұл біздің жұмысымыз, — дейді Құсайынов. — Жалпы саябақ — тыныш жер, кейде қалыптан тыс жағдайға ден қоюға тура келеді. Өткен жылы талма ауруы ұстаған жігітке көмек көрсетілді. Қолайсыздық болғанымен, адамдарға көмек қолын созу үшін бізді кез келген жағдайға дайын болуға үйретті».
