СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы жеке куәлік пен төлқұжат беру бойынша 13 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы жеке куәлік пен төлқұжат беру бойынша 13 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде 38 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Facebook және Instagram-дағы ведомстволық аккаунттарының тікелей эфирінде өткізілген онлайн-брифинг аса сұранысқа ие қызмет түрлерін алу тәртібіне арналды.

Көші-қон және автокөлікті тіркеу – желі қолданушыларымен өткен диалог осы екі негізгі тақырып аясында жүргізілді. Алғашқы болып Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері сөз сөйледі. Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов көрсетілетін 38 мемлекеттік қызметтің 15-ін көші-қон қызметі көрсететінін атап өтті. Оның 11-і электронды форматта көрсетіледі. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында СҚО Полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері 29 800 астам мемлекеттік қызмет көрсетті. 371-і қағаз түрінде көрсетілсе, қалғаны электрондық форматта және балама негізде. Сұранысқа ие қызметтерге ҚР азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлікті беру қызметі жатады, яғни 13 764 төлқұжат пен жеке куәлік ресімделген, сондай-ақ ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі жиі пайдаланылады, аталған қызмет 10 мыңнан астам рет көрсетілген.

СҚО Полиция департаменті Процессингтік орталығының бастығы полиция подполковнигі Әсет Мәтен автокөлікті тіркеу желісі бойынша жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, емтихандарды қабылдау, жүргізуші куәліктерін, куәліктер мен мемлекеттік-тіркеу нөмірлік белгілерін беру – жыл басынан Процессингтік орталықпен 22700-ден аса мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн режимде белсенді сұрақ қойды. Негізінен желідегі аудиторияны көші-қон қызметі желісі бойынша сұрақтар қызықтырды. Келіп түскен әр сұраққа жауап берілді. Онлайн жүздесу соңында екі бөліністің қызметкерлері байланыс телефон нөмірлерін, сондай-ақ жұмыс күндері, жұмыс уақытында барлық қызықтырған мәселелер бойынша жүгіне алатын CALL-орталық нөмірлерін еске салды (СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы: 8 (7152) 34-00-30, 34-00-50, 34-00-23, 34-00-35; СҚО ПД Процессингтік орталығы: 32-00-22).