
21 сәуір күні кешке Жамбыл көшесіндегі бір үйдің тұрғыны пластик қоқысты жинауға арналған торлы контейнердің жоғалғанын байқайды. Үйдегі тәртіпке жауапты болғандықтан, қолданыста болған шикізатты жинаумен айналысатын ЖШС басшылығымен байланысқа шығып, сұрағын жеткізген. Таңертең ЖШС менеджері полицияға арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қ. Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері металл кабылдайтын орындарды тексеріп, жоғалған контейнерді анықтайды. Кәсіпкердің айтуынша, ол қылмыстық жолмен табылған мүлікті қабылдаудан бас тартқан. Сөзіне қарағанда, белгісіз ер адам ауыр контейнерді өз күшімен жеткізген және пластик қоқысты жинауға арналған жаңа контейнерлер қойылғандықтан, «ескілері» ешкімге керегі жоқ болған. Металл қабылдаушы ер адамнан контейнерді орнына қайтаруды талап етеді. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, ол келісіп, алып кетуге біреуді көмекке шақырамын деген. Алайда, контейнерді алып кетпеген.
«Жедел уәкілдер ізін суытпай күдіктіні анықтады, күдікті бұрын бірнеше рет мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты, - деді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полиция мен металл қабылдайтын орындар арасында уағдаластықтар жасалған, атап айтқанда, кәсіпкерлер күмән тудыратын мүлікті қабылдаудан бас тартады. Бұл құқықтық тәртіпті нығайтуда қоғам күштерін біріктірудің айқын мысалы болып табылады».