
24 сәуір күні СҚО полицейлері қолдарына тырнауыш пен сыпырғыш алып, сенбілікке шықты. Кезекшілікке тартылмаған қызметкерлерден басқа барлық жеке құрам сенбілікке қатысты. Бекітілген аумақты тазалап сыпырып, жиектас пен бетон дуалдарды әктеді. Жиналған 18 мың тонна қураған шөп, жапырақ пен басқа да қоқыс жүк көлігімен шығарылды. Жүк тиегіштермен 20 бірлік техника пайдаланылды, себебі солтүстікқазақстандық полиция бөліністерінің жалпы аумағы - 45 мың шаршы метр. Оның 250 шаршы метрі мемориалдарға тиесілі, олардың аумағы да қоқыстан тазаланды. Қызметтік үй-жайлар да назардан тыс қалмады: санитарлық тазалау, кабинеттер мен дәліздерде, баспалдақта қажет болған жағдайда шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сенбілік көз қуантарлық тазалық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
"Дәстүрлі түрде өткізілетін сенбіліктер санитарлық жағдайды сақтау үшін ғана емес, әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға да аса қажет, - деді СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. - Полицейлер тазалық пен тәртіп бірлесе еңбек ету және қоғамның әрбір мүшесінің бейжай қарамауының нәтижесі екенін іспен көрсеткені аса маңызды ".