
Петропавлдың танымал пабликтерінің бірінде жылы лебізін білдірген қала тұрғыны «ұялы телефонымды тез тауып бергені үшін Петропавл қаласы ПБ Бірінші бөлімінің жедел уәкілдері Бауыржан Махметов пен Темірлан Садриевке ризашылығымды білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, алғысым шексіз, ризамын!» деп жазыпты. Полиция капитаны Махметов үшін бұл жағдай оның қызметіндегі эпизодтардың бірі болса, ал криминалдық полицияда тағылымдамадан өтіп жүрген, қатардағы полицей Садриев үшін бұл үлкен сабақ болды.
Жүгінген қыз сауда үйлерінің бірінде телефонын жоғалтып алыпты. Полицейлер жоғалған жерін және гаджетті көтерген әйелді анықтау үшін ондаған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шығуларына тура келді. Жедел қызметкерлер қалалық бейнекамералар арқылы телефонды тауып алған адамның жүрген бағытын қадағалап, оның жеке басын анықтап, онымен хабарласқан. Әйел телефонды қайтарып берді. Қыздың қоңырауынан кейін төрт сағат өткен соң ұялы телефон иесіне қайтарылды.
«Қатардағы полицей Темірлан Садриев қоңырау түскен уақыттан бастап, қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатуға дейінгі аралықтан толықтай өтті, - дейді Бауыржан Махметов. - Бұл тағыламдамадан өтіп жүрген жас полицей үшін пайдалы жолдың бірі. Жоғалған телефон «жұмбағын шеше отыра», оның өзі осыған іс жүзінде көз жеткізді: тіпті оқиғада қылмыс құрамы болмаған кездің өзінде де жедел уәкілден ауқымды жұмыс талап етіледі. Әрине, оның атына білдірілген алғашқы алғыс, ол үшін жақсы ынталандырушы фактор болып табылады».