
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев облыстық және қалалық полиция жеке құрамының саптық байқауын өткізді.
Басқарма бастықтары, облыстық аппараттың және қалалық полиция ведомствосының қызметкерлері, патрульдік полиция батальоны және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы – санитарлық нормаларды сақтай отыра, бес бөлікке бөліне алаңда сапқа тұрғызылды. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев әр полицейдің сыртқы келбетін өзі тексерді. Ол офицерлер мен сержанттардың сыртқы келбеті мінсіз болуы керек екенін атап өтті. Бұл әсіресе халыққа тікелей қызмет көрсететін бөліністерге қатысты: патрульдік және ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлары.
Жарғыны білу, қызметтік құжаттарды тексеру, нысанды киімнің жағдайы – саптық байқаулар маусымаралық уақытта, жылына екі рет өткізіледі. Сыртқы келбет пен амунициядан басқа, қызметкерлердің саптық дайындықтары да тексеріледі. Бөлініс құрамында тәртіпті сақтау және тапсырманы орындау дағдылары – полиция қызметінде күнділікті сақталуы қажет талап.
Алаңда үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен полицейлер салтанатты түрде сап түзеп өткеннен кейін өздерінің қызмет орындарына тарасты.
Тәулік бойы Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға екі ауысымда қызмет ететін жүзден астам полицейлер шығады. Күндіз патрульдік полиция батальонының 15 автопатрулімен бірге көшедегі тәртіпті 5 жаяу жасақ пен стационарлық модульдік бекеттерде кезекші 5 офицер сақтайды. Кешке және түнде – 16 автопатруль, 4 стационарлық бекет, сондай-ақ түнгі сағат 23-ке дейін кезекшілік ететін үш жаяу жасақ жұмылдырылады. Жыл басынан бері облыста патрульдік-бекет жасағы 600-ден астам түрлі құқық бұзушылықтарды, оның 224-і облыс орталығында анықталды.