
21 сәуірге қараған түні Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жамбыл көшесінде тексеру үшін «BMW» автокөлігін тоқтатқан. Рөльде отырған 21 жастағы жүргізуші масаң күйде болған. Ол ағасының туған күнінде болдым деп ақталған. Полицейлер қала тұрғынын деректер базасы бойынша тексеріп, бұрын ол екі рет масаң күйде көлік тізгіндегені үшін алғашында 3 жылға, кейін 6 жылға басқару құқығынан айырылған. Осындай санкция әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап заң бұзушылық жасаған жүргізушіге қолданылады. Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы алкогольдік масаң күйдегі көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.
«Жас жігіт ірі мөлшердегі айыппұлдан 5 жылға бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ өмір бойына басқару құқығынан айыруға жазаланады, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Заң талаптарын елемеуге болмайды. Масаң күйдегі «жүргізу құқығынан айырылғандармен» күрес - жол қауіпсіздігіне арналған барлық жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлердің тұрақты түрде шештін міндеттері. Жыл басынан облыста бұрын жүргізу құқығынан айырылған 18 мас жүргізуші анықталды».