СҚО-да полицейлер ауылдықтарға үйлеріне қайтуға көмектесті

СҚО-да полицейлер ауылдықтарға үйлеріне қайтуға көмектесті

Полицейлердің атына алғыстар түрлі жолдармен келіп түсіп жатады. Бүгінгі күні оларды әлеуметтік желілерде жариялауда.

Instagram пабликтерінің бірінде СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғысқа толы пост жарияланды. «Жан айқай, - деп жазды қолданушы. – Көлігім істен шығып, Жезқазған-Петропавл тас жолында, Сергеевкадан 20 шақырымдай жерде тұрып қалдық. Жол үстінде көмектерін ұсынған тек полицейлер ғана болды: полиция сержанты Р.А. Қасымов және полиция аға лейтенанты Н.Б. Әміржанов. Бізді буксирге алды, кезекшілік бағыттарын тастап кете алмайтын болған соң, Тимирязево ауылының бұрылысына дейін сүйреп жеткізді».

Жолды бос қалдырмау үшін ППБ қызметінің инспекторлары Нарасан Әміржанов пен Руслан Қасымов жолшыбай өтіп бара жатқан «КамАЗ» көлігін тоқтатты. Олар «КамАЗ» жүргізушісінен ішінде төрт жолаушысы бар «Audi» көлігін Тимирязевоға дейін сүйреп жеткізуді сұрады. Полицейлер көліктің орнынан қозғалғанына көз жеткіген соң, кезекшіліктеріне қайтты.

«Күн сайын кезекшілікке түсер алдында батальон қызметкерлері жолда тоқтап қалған көліктерді тексеруге, қиын жағдайда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуге тапсырма алады, - дейді СҚО ПД ППБ командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. Мұндай фактілер қызметкерлеріміз үшін қалыпты күнделікті жұмыс. Кез келген адамға еңбегі үшін алғыс есту бір ғанибет, олардың ішінде полицейлерге де. Адамардың білдірген ризашылықтары он екі сағаттық қауырт жұмыста және барлық жағдайға ден қоюға әзір қызметкерлерге демеу болады».