Полиция департаменті қызметкерлерімен Facebook және Instagram-дағы ведомстволық аккаунттардың тікелей эфирінде өткізілген онлайн-брифинг әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция бөліністерінің қызметіне арналды.
Отыз минутқа созылған тікелей эфирдің басында СҚО Полиция департаментінің өткен аптадағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы айтылды. Полиция департаменті Штабы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сергей Погосскийдің ақпараты бойынша СҚО-да бір аптаның ішінде 232 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 208-і ашылған. Жасалған қылмыстардың басым бөлігі, яғни 50% астамы облыс орталығында орын алған. «Өткен жылғы» санатындағы 20 қылмыс ашылды. Қалалық полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесін пайдалана отыра, 303 әкімшілік және 6 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Облыс жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 5 адам жарақат алған, оның үшеуі – кәмелетке толмаған балалар. 16 мас жүргізуші ұсталған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезіндегі іс-әрекеттер, статистика, байланыс мәліметтері – СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах және аға инспектор полиция майоры Әсия Абжанова әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция бөліністерінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Үш айдың қорытындысы бойынша әйелдерге қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар 15,6%-ға, сондай-ақ тұрмыс саласында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 83,3%-ға төмендеген. Жалпы жыл басынан аталған желі бойынша 560 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 180-і тұтқындалып, 64-і ескертілді. Отбасы жанжалқойларына қатысты 853 қорғау ұйғарымы шығарылған, қорғау ұйғарымдарын бұзғаны үшін 42 адам жауапқа тартылды. Полицейлер аталған қылмыс түрі мен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салды, сондай-ақ көмек пен кеңеске жүгінуге болатын байланыс нөмірлерін айтып өтті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністе WhatsApp мессенджерінде 8-708-432-45-61 нөмірі, сондай-ақ Telegram-да «Между нами говоря» ақпараттық-түсіндіру арнасы жұмыс істейді.
Егер де сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған жағдайда «102» жедел арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына 8 (7152) 39-48-56; 61-25-30 телефондары бойынша хабарласу қажет. Сондай-ақ «Әйелдерді қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі Дағдарыс орталығының 8 (7152) 46-13-26 сенім телефоны жұмыс істейді. Жыл басынан сенім телефондарына келіп түскен қоңыраулар бойынша 44 кеңес берілген, 42 адам әкімшілік жауапкершіліккке тартылды.
