СҚО-да аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұрлықтың жолын кесті

СҚО-да аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұрлықтың жолын кесті

Кешкілік 19 сәуірде тексерістен келе жатқан Аққайың ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Данияр Сүйіндіков «Смирново – Қиялы» автожолында Добровольский ауылынан 18 км. жерде трассада «Volvo FH-Truck» бензин таситын көлікті байқаған. Жүк көлігінің жанында «Audi» мен «Volkswagen» көліктері тұрған. Офицер жалғыз өзі болса да, мән-жайды тексерген. Ауада бензиннің өткір иісі тұрған. Шетелдік көліктердің жүк салғышынан толық канистралар табылған. Оқиға орнына шақырылған жедел-тергеу тобы жанармай ұрлау фактісін анықтаған. Күдікті – жүк көлігінің жүргізушісі, Петропавл қ. 33 жастағы тұрғыны, бензин таситын көлік тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысшысы. 420 литр ұрланған жанар-жағармай алынды. Кәсіпорынға келтірілген шығын 70 мың теңгеден астам. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Бензин таситын көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты міндетті түрде келу туралы шара таңдалды, — деп хабарлайды аудандық ПБ бастығы полиция майоры Руслан Сапаров. — «Мәміленің» өзге де қатысушыларын қылмыстық жолмен мүлікті сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралуда. Алдағы көктемгі егіс жұмыстарында аграрийлер мүлкінің сақталуы маңызды болып табылады. Егіс материалын, жанар-жағармай материалдары мен ауыл шаруашылық техникаларының қосалқы бөлшектерін ұрлаудың жолын кесу мен алдын алу егіс науқаны бойында ауылдық жерлердегі полицейлердің жұмысындағы басымдылықтардың бірі болып табылады».