
16 сәуір күні шамамен сағат 01:00-де «Volkswagen-Passat» көлігін тізгіндеген Петропавл қаласының тұрғыны Жамбыл мен Шәжімбаев көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетіп ҚР Жол жүрісі қағидаларын бұзды. Аталған бұзушылықты полиция жасағы байқаған. Полиция қызметкерлері бұзушыны оқиға орнының қасында тоқтатпақшы болған. Бұзушы инспекторлардың талаптарын елемей, тоқтамаған, Жол жүрісі ережелерін өрескел бұзған, атап айтқанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған, қарсы бағытқа шығып, бағдаршамның тыйым салынған түсіне қайта өтіп кеткен.
«Жауапкершіліктен қашып құтылуға әрекеттенгенімен, Мүсірепов және Алтынсарин көшелерінің қиылысында ұсталды, - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Ер адамнан алкогольдің өткір иісі сезілген. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Бұдан бөлек, тексеру кезінде ер адамда ешқашан жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Өрескел бұзушылықтарға жол бергені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі, 596-бабы 5-б., 613-бабы 1-б., 599-бабы 1-б. бойынша 4 хаттама толтырылды. Материалдар Петропавл қ. Мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді».
Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.