Автобустағы жанжалды реттеген жас полицей әлеуметтік желілерде көпшіліктің қолдауына ие болды

Автобустағы жанжалды реттеген жас полицей әлеуметтік желілерде көпшіліктің қолдауына ие болды

№7 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушысы арасындағы келіспеушіліктің видеосы Петропавлдың белгілі пабликтерінің бірінде жарияланған. Желі қолданушылары төбелесті айырған полицейдің әрекеті туралы жағымды пікірлер білдірген. Бұл полицей Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының кинологы полиция кіші сержанты 21 жастағы Темірлан Жүсіпов. 17 сәуірде ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімінде тәжірибеден өтіп жүрген курсант Сабина Әбдірахмановамен бірге патрульде болған. Украин көшесінде оларға жақын автобус тоқтап, жүргізушісі көмек сұрап жүгінген: оның айтуынша, төрт жолаушы өздерін лайықсыз ұстаған. Патрульде жүргендер салонға кіріп, мәселені шешкен. Темірлан Жүсіповтің айтуынша, даулы жағдай түсінбестіктен туындаған.

«Аудандардың бірінің төрт тұрғыны сапаржайға кешігіп бара жатқан деп, — түсіндірді ол. — Кейін олар билеттерін көрсетті, шын мәнінде рейстік автобусқа үлгеру үшін оларда аз уақыт қалған. Олар қалалық бағыттағы автобусқа жол ақысын кім төлейтіні жайлы өзара келіспеген, сол үшін арада жанжал туындаған соң, жүргізуші ден қойған. Жолы болмаған жолаушылар салоннан шыққан кезде шиеленіс орын ала жаздаған. Вокзалға жету үшін аудан тұрғындары такси шақыртуларына тура келген. Біз жас жігіттермен профилактикалық жұмыс жүргізіп, қоғамдық көлікте өздерін әдепті ұстауларын, қоғалыс кезінде жүргізушінің назарын бөлмеуді, барлық жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуді естеріне салдық».