
Қазіргі заманда әлеуметтік желілер полиция жұмысының бір құралына айналды.
Instagram белгілі петропавлдық пабликтарының бірінде Көкшетау — Чистополье бағытындағы автожолда қозғалып бара жатқан авткөліктің аспап тақтасынан түсірілген бейнеролик жарияланған. Айыртау ауданының Шалқар а. маңында алдында кетіп бара жатқан «Toyota Previa» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты 60 км/с дейін азайтып, басып озу кезінде маневр жасауға әдейі кедергі келтірген. Оның әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына әкелді.
«Жүргізушінің жеке басы анықталды, ол 22 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Айыртау ауданының ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Бақытжан Жантілеуов. — Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 614-бабы «Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру» бойынша хаттама толтырылды. Жас жігіт өзінің бұл әрекетін түсіндіре алмады. Жол «қалжыңды» кешірмейтінін естен шығармаған жөн. Кейбір жүргізушілердің ойланбай жасаған әрекеті, жүргізуге жауапсыз қарау апаттық қауіпті фактор болып табылады. Барлық жол қозғалысына қатысушылардан ЖЖЕ қатаң сақтауды сұраймыз».