
Петропавлдық зейнеткерлердің отбасы қырағылық танытты. Оларға интернет-алаяқтар қоңырау шалып, әбігерге салған. Сөйтіп, зейнеткерлердің жеке мәліметтерін алып алмақшы болған. Абырой болғанда, жәбірленушілер қаржылық зардап шеккен жоқ, алайда жағымсыз сәттерді бастарынан кешірді.
Қоңырау күндізгі сағат он екі шамасында түскен. Қоңырау шалған бикеш үй иелерінің аты-жөндерін атап амандасқан соң, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, жеке мәліметтерін атауды сұраған. Банк карталарыңызда күдікті белсенділік байқалады – белгісіз біреулер зейнеткердің атына несие ресімдепті-мыс деп түсіндірген. Абырой болғанда, зейнеткерлер жағдайды тез түсініп, банк жолдың арғы бетінде екендігін алға тартып, тез арада мән-жайды анықтау үшін банкке баратындықтарын айтқан. Бойжеткен болса, телефон тұтқасын банк бөлімінің басшысымын деп таныстырған ер адамға берген. Ер адам да карта номерін және үш санды құпия кодты шұғыл атауларын сұраған, алайда зейнеткерлер көнбеген. Телефонмен жасалған шабуыл жанжалмен аяқталады, кейін зейнеткерлер Екінші полиция бөліміне жүгінген. Қазіргі уақытта полицейлер қаскөйді анықтау үшін жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
«Жадынамалар, плакаттар, әлеуметтік желілердегі бейнероликтер - солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлерімен интернет-алаяқтық фактілерін ескерту бойынша ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Instagram танымал әлеуметтік желісінің платформасында СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен @cyberpolice_sko парақшасы ашылды, оның лентасында соңғы ұсынымдар және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тақырыбында посттар жарияланып тұрады. Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының шағын аудандарында түсіндіру жұмыстары өткізіліп тұрады: полицейлер брошюралар, жадынамалар таратып, алаяқтардың айла-амалдары жайлы айтып түсіндіреді. Биылғы жылдың үш айында облыста 211 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 57-сі өндіріспен аяқталған».
Криминалдық полиция басқармасы қандай жағдай болмасын үшінші бір адамға жеке деректеріңізді беруге болмайтынын, ғаламтор арқылы құжаттарыңыздың суреттерін салуға болмайтынын, сондай-ақ қаскөй өзінің пайдасына іске асыратын, ақпараттар бар банк чектерін сақтауға болмайтынын кезекті рет ескертеді.