
Петропавлдағы Жұмысшы кентінің бірнеше тұрғыны Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Сейілбек Жаркинге алғысын білдірді. Тұрғындардың бірі, 72 жастағы зейнеткер оған көмекке жүгінген. Көктемде қардың жылдам еруі айналадағы тұрғындарды әуреге салды. Олар үйлерінің алдындағы қарды тазартқанымен, қаржаттың қиыншылығына байланысты оны тез шығаруға мүмкіндіктері болмаған. Жылдам әрекет етпесе, үйлерді су басуы мүмкін. Сонымен қатар, ресми түрде адамдар ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылар да еді. Полиция майоры Жаркин жағдайды бағалап, Петропавл қаласы әкімдігінің "Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар" ШЖҚ МКҚК инженері Денис Маршалға хабарласты. Ол 4 трактор, 2 "ЗИЛ" және 2 "Камаз" бөлді, тұрғындардың қуанышына орай, қар қас-қағым сәтте шығарылды.
«Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын «Мың бір міндеттің жұмысы» деп бекерге айтылмаған, — дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. - Ол адамдардың мүддесі мен тілегіне түсіністікпен қарауға, халықпен халықпен тығыз байланыс жасауға негізделген. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жеке құрамды халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағыттайды. Бұл полицияға деген азаматтардың сенім деңгейін арттырудың бірден-бір жолы, онсыз ішкі істер органдарының тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес".