СҚО-да полицейлер босануға шақ қалған әйелді жедел түрде перинаталдық орталыққа жеткізді

СҚО-да полицейлер босануға шақ қалған әйелді жедел түрде перинаталдық орталыққа жеткізді

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне ыстық ықыласын Тайынша аудандық орталық ауруханасының жүргізушісі Алексей Хомитский білдірді. Ол 7 сәуір күні таңертең Петропавл-Жезқазған жолы арқылы «KIA» автокөлігімен босанатын әйелді Петропавлға әкеле жатқан. Салонда акушермен бірге перинаталдық орталыққа қаралмақшы болып келе жатқан Тайынша қаласының тағы бір тұрғыны болған. Жолда болашақ ананы толғақ қыса бастайды. Жүргізуші босанатын әйелді уақытында жеткізе алмайтындығын түсінеді. Осы кезде таңғы сағат 9-дар шамасында Қызылжар ауданының орталығы Бескөлдің маңында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының машинасы кезекшілікте тұрған. Экипаж құрамында капитан Шалқар Қапезов пен аға лейтенант Николай Фоменко болды. Алексей тәртіп сақшыларынан көмек сұрады.

«KIA» жүргізушісі қатты қобалжулы болды, - дейді полиция аға лейтенанты Николай Фоменко. - Ол 19 жастағы аудан тұрғыны алғаш босанғалы тұрғанын айтып, оларды ертіп жүруді өтінді. Біз жағдайды батальонның кезекші бөліміне хабарладық, медициналық қызмет көлігін кедергісіз жүруін қамтамасыз еттік».
Жарқылдауық маяктары қосылған «патрульдің» сүйемелдеуімен тайыншалықтар бағдаршамдарға тоқтамастан, Петропавл көшелері арқылы лезде жетті. 10-15 минут ішінде келіншек дәрігерлердің қолына аман-есен тапсырылды.

«Батальон қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда қызмет ету барысында түрлі төтенше жағдайларды жиі кездестіреді», - дейді СҚО ПД ППБ командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. - Оларды шешудің принципі бір: адамдарға көмегін тигізер іс жасау. Жолда қиын жағдайға тап болғандардың бәріне көмек қолын созу - бұл кезекшілікке түсер алдында қызметкерлерге күнделікті берілетін нұсқау. Батальонның жеке құрамы жас ана мен оның сәбиіне денсаулық пен амандық тілейді».